«BASS Gold» ЖШС алтын өндіруші кәсіпорнындағы жұмыс орындарын аттестаттау
«ҚазПроф» мамандандырылған сараптама орталығы» ЖШС мамандары «BASS Gold» ЖШС алтын өндіруші кәсіпорнында еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орындарын аттестаттаудан өткізді.
Аттестаттау шеңберінде жұмыскерлердің әртүрлі санаттары — өндірістік және әкімшілік-офис персоналының жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларына кешенді бағалау жүргізілді.
«ҚазПроф» мамандары кәсіпорын аумағында, соның ішінде өндірістік учаскелерде және жерасты жұмыс орындарында тікелей зерттеу жұмыстарын жүзеге асырды. Нақты еңбек жағдайларына объективті баға беру үшін мамандар тікелей шахтаға түсіп, жұмыстарды орындау орнында қажетті тексерулер жүргізді.
Аттестаттау барысында өндірістік орта факторлары, еңбек процесінің ауырлығы мен қауырттылығы, жұмыс орындарының жарақат қауіпсіздігі және жұмыскерлердің жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілуі бағаланды.
Жұмыс орындарын кәсіби тұрғыдан аттестаттау — еңбек жағдайларына объективті баға берудің және жұмыскерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиімді шаралар қабылдаудың негізі.
«ҚазПроф» үшін тек құжат жүзіндегі бағалаумен шектеліп қалмай, қызметкерлердің нақты жұмыс істейтін жағдайларын көру аса маңызды.
«ҚазПроф» — адам еңбек етіп жатқан жердегі нақты еңбек жағдайларын бағалаймыз.




