Біздің почтаға жазыңыз!

АҚ және ТЖ бойынша оқыту және практикалық дайындық

«ҚазПроф» мамандандырылған сараптама орталығы» ЖШС жұмыскерлерді азаматтық қорғау, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдар мәселелері бойынша оқытады және практикалық дайындықтан өткізеді.

Сабақ барысында жұмыскерлер төтенше жағдайлар туындаған кездегі әрекет ету тәртібі, қорғану тәсілдері және әртүрлі қатерлер кезіндегі өзін-өзі ұстау ережелері туралы білім алады.

Практикалық дайындыққа ерекше назар аударылады. Қатысушылар эвакуация кезіндегі іс-қимылдарды, өрт сөндіру құралдарын пайдалану тәртібін, өрт және басқа да төтенше жағдайлар туындаған кездегі қауіпсіздік ережелерін пысықтайды.

Дайындық аясында мыналар қарастырылады:

  • төтенше жағдай туындаған кездегі жұмыскерлердің әрекеттері;
  • хабардар ету және эвакуациялау тәртібі;
  • өрт және басқа да қатерлер кезіндегі өзін-өзі ұстау ережелері;
  • бастапқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану;
  • қауіпсіз аумаққа эвакуациялау кезіндегі жұмыскерлердің іс-қимылдары;
  • өзара іс-қимылды ұйымдастыру және зардап шеккендерге көмек көрсету.

Практикалық жаттығулар жұмыскерлердің штаттан тыс жағдайларда әрекет етуге дайындығын тексеруге және алынған білімдерін бекітуге мүмкіндік береді.

«ҚазПроф» — жұмыскерлерді төтенше жағдайларда сауатты әрі ұйымдасқан түрде әрекет етуге дайындау.

Оқыту және практикалық жаттығулардан фотоматериалдар

Төменде АҚ және ТЖ бойынша сабақтар мен практикалық дайындықты өткізу барысындағы фотоматериалдар ұсынылған.