ҚАУІПСІЗДІК БӘРІНЕН ЖОҒАРЫ:
LC WAIKIKI RETAIL COMPANY ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР БОЙЫНША ОҚУДАН ӨТТІ
2025 жылғы тамыз бен қыркүйек айларында «ҚазПроф» мамандандырылған сараптама орталығы» ЖШС мамандары LC Waikiki Retail Company қызметкерлеріне арналған бірқатар оқыту іс-шараларын өткізді.
Оқытудың бірінші бөлімі тамыз айында өтіп, алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету мәселелеріне арналды. Қызметкерлер жарақат алу, қан кету, күйік шалу, естен тану кезіндегі іс-қимыл алгоритмдерін зерделеп, сондай-ақ жүрек-өкпе реанимациясының практикалық дағдыларын пысықтады. Оқудан өтушілер белсенді түрде қатысып, сауда залдары мен қоймалардағы нақты жағдайлар туралы сұрақтар қойды, өйткені мұндай орындарда персоналдың реакция жылдамдығы мен сенімді әрекеттері шешуші рөл атқарады.
Мұндай оқыту жүйелілігі қызметкерлердің бойында еңбек қауіпсіздігі туралы тұтас түсінік қалыптастыруға мүмкіндік берді: зардап шеккендерге көмек көрсетуден бастап кәсіби міндеттерді орындау кезіндегі жазатайым оқиғалардың алдын алуға дейін.
Оқыту қорытындысы бойынша тыңдаушылар білімді қорытынды тексеруден табысты өтіп, белгіленген үлгідегі куәліктерді алды.
«ҚазПроф» мамандандырылған сараптама орталығы» ЖШС LC Waikiki Retail Company қызметкерлерінің белсенділігі мен тартылысын жоғары бағалайды және ритейл кәсіпорындарындағы қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін одан әрі арттыру үшін ынтымақтастықты жалғастырады.